«Шымкент-Цирк» МКҚК 2011 ж. құрылды. Типтік цирк ғимараты онда барлық шығармашылық жұмыстарын толыққанды жүргізуге мүмкіндік береді. Осы уақыт ішінде цирк «Алақай, балақай», «Джунгли», «Томирис», «Иллюзион-шоу», Цирк магиясы», «Наурыз-думан» секілді көптеген қойылымдар дайындап үлгерді. Оның мамандар құрамын Ж.Елебеков атындағы, Ташкент колледждері, сондай-ақ ГУЦЭИ түлектері құрды. Жекелеген кісілер Мәскеу цирктерінде тәжірибесін шыңдап, шет елдерде өнер көрсетіп, Шымкент-цирктің өркендеуіне үлес қосып келеді. Жүйелі түрде өңірдегі халық таланттары арасынан үздіктері жұмысқа тартылып тұрады.
Шапито нұсқасымен цирк көптеген елді мекендерде ойындарын көрсетіп, жасөспірім көрермендердің цирк сынды жарқын өнерге қызығушылығын тәрбиелей алды. Шымкенттік арена шеберлерінің өнерін Көкшетау, Қызылорда, Тараз, Түркістан қалаларының6 көптеген елді мекендердің көрермендері де тамашалай алды.
Цирк әртістері халықаралық деңгейдегі өтетін конкурс-фестивальдарға белсенді қатысып келеді. 2017 ж. ағайынды Сұраншиевтердің аттракционы «Азия жаңғырығы» фестивалінде жүлде биігінен көріне білді. Ал 2018 ж. «Семафор» аттракционымен Астана төрінде өнер көрсеткендер сол фестивалдің алтын медалін иеленді. Кейінгі жылы шымкенттіктер «Байқоңыр»(жетекшісі-О.Касаткин) және «Серіппелі тақтайлар» (жетекшісі-С.Мустафин)бағдарламаларымен бірінші және екінші дәрежелі жүлделерді еңсеріп, оза шапты.
2021 ж. Ташкентте өткен «Ұлы Жібек жолы» халықаралық фестивалінде А.Стоценко алтын жүлдеге қол жеткізді.
2022 ж.цирктің шабандоздар тобы (жетекшілері-Қ.Дүйсеқұлов, Е.Камалов) «Азия жаңғырығы» фестивалінде ұлттық ат спортының бірнеше элементтерін қамтып, тұтас фольклорлық-жанрлық картина көрсетіп, байқаудың алтын медалін жеңіп алды.
2022 ж.шымкенттік әртістер И.Рахманқұлов пен А.Тағайбек Дубайда өткен ЭКСПО көрмесінің мәдени бағдарламасында өнер көрсету құрметіне ие болды.
Цирк басқа елдердегі әріптестерімен шығармашылық байланыста. С.Анарбеков Ресейдің Г.Эрадзе циркінде өнер көрсетуде. К.Серікбаева Қырғыз мемлекеттік циркімен контракт бойынша турнеде өнер көрсетуде. Ж.Қалметова Улан-Баторда жақында өткен халықаралық форумға қатысып қайтты.
Шымкент цирк республиканың ең жас кәсіптік цирк ұжымы. Стационарда үнемі жаттығулар, би, қозғалыс мәдениеті пәндерінен тренингтер өтіп жатады. Тәжірибелі мамандар ҚР мәдениет қайраткері М.Бегалиев, Қ.Ізтілеуов, ҚР мәдениет саласының үздіктері С., Г.Мустафиндер, Н.Ефименко жаңа номерлер, қызықты трюктер ұйымдастыруды дағдыға айналдырған. Цирк директоры Н.Адильхановтың тиімді басшылығы арқасында шығармашылық жұмыстар стратегиясын дәл анықтай алады. Ғимаратта қосымша, репетиция жасап, шынығатын зал бар. Осының бәрі жас ұжымның үнемі тиісті атлетикалық формада болып, әртістік имиджін дамыта түсудің кепілі балады.
ГККП «Шымкент-Цирк» был организован в 2011 г. Типовое здание, с соответствующими мировому стандарту условиями, как манеж (д-13 м), зрительный зал на 1200 мест, наличие дополнительных площадок, хозяйственной части позволяют вести полнокровную уставную деятельность. Кадровый состав цирка был сформирован выпускниками колледжей им.Ж.Елебекова, Ташкентского и ГУЦЭИ. Народные таланты, одаренная молодежь тоже были втянуты в творческую работу. Плодотворно работают и отдельные мастера, прошедшие школу московского цирка, зарубежных гастролей.
За это время молодой творческий коллектив успел осуществить программы «Алақай, балақай» , «Джунгли» , «Томирис», «Иллюзион-шоу», «Магия цирка, «Наурыз-думан» и другие.
С помощью шапито Шымкент-цирк сумел показать свое искусство в Кокшетау, Таразе, Кзылорде, Туркестане и во многих населенных пунктах республики.
Цирк успел также выступить и на престижных международных фестивалях и завоевать призовые места. Уже в2017 г. братья Сураншиевы смогли покорить международный фестиваль «Эхо Азии» в Астане. А в 2018 г. шымкентский аттракцион «Семафор» завоевал золото названного фестиваля.
Первых призовых мест фестиваля уже в 2019 г. были удостоены номера «Байконур»(Полет) под руководством О.Касаткина и «Подкидные доски» под руководством С.Мустафина
Юная артистка Шымкентского цирка А.Стоценко в 2021 г.завоевывает золотой кубок международного фестиваля «Великий шелковый путь» в Ташкенте.
А группа всадников, представив целую панораму из фольклорно-жанровой картины с элементами казахского национального конного спорта, завоевывает золотой приз «Эхо Азии» в 2022 г.
Артисты И.Рахманкулов и А.Тагайбек были удостоены чести выступать в культурной программе «Экспо» в Дубай.
Отдельные артисты выступают в международных представлениях. Так, С.Анарбеков успешно выступает в составе цирка России Г.Эрадзе. По контракту часто сотрудничает с кыргызскими коллегами К.Серикбаева. А Ж.Калметова недавно вернулась из Улан-Батора, успешно представив казахский цирк в международной программе.
Шымкент-цирк — самый молодой профессиональный цирк республики. Ежедневные тренинги, упражнения по выработке необходимой атлетической формы артистов, занятия танцами, другими, необходимыми для подготовки новых номеров, трюков – это норма жизнедеятельности творческого коллектива. Опытные коллеги ҚР мәдениет қайраткері М.Бегалиев, К.Изтилеуов, отличники сферы культуры РК С., Г. Мустафины, Н.Ефименко и другие под руководством компетентного организатора творческого процесса директора Н.Адильханова умело содействуют верному определению стратегии деятельности Шымкент-Цирка