
«Шымкент-Цирк» МКҚК эстрадалық оркестрі тағы да ерледі; Ресейде өткен халықаралық деңгейдегі үрмелі және соқпалы аспаптар оркестрлерінің қашықтан өткізілген конкурсында 1-дәрежелі жеңімпаз деп танылды. Оған Ж.Аппазов бастаған оркестр Н.Байкөзов өңдеуіндегі халық әні «Қамажайға» жазылған парафраз композициясы мен американдық композитор У.Херстың «Мен осылай істедім» (Deed I do) әнін оркестр солисі Д.Хашимханованың орындауында ұсынды.
Үрмелі, соқпалы аспаптардың түр-түрі жиналған оркестрлер, джаз, брасс-квинтеттер, диксиленд топтары, эстрадалық-симфониялық оркестрлері ішінен қазақстандық оркестрдің әмбебаптығы, стандартты оркестрге домбыра, қобызды ұтымды пайдалана алуы, аспаптар сапасы, гармониялық керемет үйлесім, ырғақ алуандығы, вокал біліктілігі мәскеулік музыка корифейлерін тәнті етті. Нәтижесінде шымкенттік өнер тобы бүкіләлемдік музыкалық Қауымдастықтың алтын Кұрмет кітабына енді.
Жақында ғана «Түркістан» сарайында көпшілікке өте мазмұнды бағдарласымен тамаша сый ұсынған бірегей оркестр ерекше шабытпен жаңа бағдарлама дайындауда.